Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций


Скачать 26.09 Mb.
НазваниеОб утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций
страница3/224
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224
3. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны





      27. Тіл және сөйлеу (2 сағат):

      1) сөйлеу туралы берілген ұғымды кеңейту. Сөйлеу мәнерлілігі. Дауыс ырғағының сөйлеу жағдайына сәйкес болуы.


      2) ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері.


      28. Дыбыс және әріп (16 сағат):


      1) Дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау;


      2) Э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту. Бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдыландыру;


      3) В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру;


      4) Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері;


      5) Х, Һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емлесі.


      29. Мәтін (7 сағат):


      1) мәтін туралы берілген ұғымды қайталау. Мәтін құрастырудың сызбасы (басқы, ортаңғы, соңғы бөліктері).


      2) мәтінді логикалық аяқталған бөліктерге бөлу (жоспар және жоспарсыз). Жоспар құру. Әр алуан мәтін түрлерін құрастыру: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау, олардың бір-бірінен ерекшеліктері.


      3) мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрастыру. Сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсаты мен сөйлеу тақырыбына сәйкес диалог құру.


      4) бірлесіп жасалған жоспар бойынша 50-70 сөзден құралған қысқаша шығарма жазу.


      5) мәтінді ықшамдау және жалпылау арқылы қысқарту. Терме баяндау.


      30. Сөйлем (22 сағат):


      1) сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау;


      2) сөйлем түрлерін әртүрлі жағдаяттарда (ситуация) орынды қолдана білу;


      3) сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер;


      4) бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша;


      5) жалаң және жайылма сөйлем;


      6) үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау;


      7) қаратпа сөз, оның тыныс белгісі.


      31. Сөз және оның мағынасы (6 сағат):


      1) сөз туралы берілген білімді еске түсіру;


      2) сөз мағыналарымен жұмыс: сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату;


      3) мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер.


      32. Сөз құрамы (14 сағат):


      1) сөз құрамы жайында 2- сыныпта берілген ұғымдарды қайталау;


      2) түбір сөз және туынды сөз;


      3) туынды сөз жасайтын жұрнақтар;


      4) туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру;


      5) түбірлес сөздер;


      6) қосымшалардың емлесі: қосымшалардың сөздің соңғы буынымен үндесіп жалғануы, қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік (кітап+ы – кітабы).


      33. Сөз таптары (34 сағат):


      1) сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау;


      2) зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру;


      3) негізгі және туынды зат есім. Негізгі зат есім, оның анықтамасы;


      4) туынды зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар;


      5) зат есімнің тәуелденуі;


      6) тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері. Тәуелдік жалғаудың емлесі;


      7) етістік туралы берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды етістік;


      8) болымды және болымсыз етістік;


      9) сын есім жайында берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды сын есімдер;


      10) салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру;


      11) заттарды әр алуан белгісіне, сапасына және т.б қарай салыстыру;


      12) сан есім туралы берілген білімді еске түсіру. Есептік және реттік сан есімдер.


      34. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):


      1) танысу, өтіну, тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалану;


      2) ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау.


      35. Жыл бойы өткенді қайталау (13 сағат).


      36. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).






4. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны





      37. Тіл және сөйлеу (2 сағат):

      1) тіл және сөйлеу туралы берілген ұғымды еске түсіру. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту;


      2) сөйлеудің адамдардың сезіміне, іс-әрекетіне әсері.


      38. Дыбыс және әріп (7 сағат):


      1) дыбысқа байланысты берілген білімді қайталау. Фонетика туралы түсінік беру. Фонетикалық талдау жасау;


      2) буын үндестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп айтылуы және жазылуы;


      3) дыбыс үндестігі туралы түсінік. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі;


      4) дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңындағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі.


      39. Мәтін (7 сағат):


      1) мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту;


      2) әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау (7-8 сөйлем);


      3) тірек сөздер, суреттер, оқығандары бойынша әңгіме;


      4) сипаттау мәтіні, оның құрылымын талдау. Затты нақты сипаттау, көркемдік сипаттау, салыстырмалы сипаттау;


      5) пайымдау мәтіні. Пайымдаудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқату: мұнда түсіндіру (ой), дәлелдеу және қорытынды болатыны; пайымдауда түсінікті дәйектемелерді пайдалану. Пікір айтуға дағдыландыру, өз ойын дәлелдей алуға, қорытынды жасай білуге үйрету;


      6) қабырға газетіне мақала жазу. Саяхат кезінде көргендері, алған әсерлері жайында жазу. Өздігінен мәтін құрау дағдысын жетілдіру: айтқан ойларының тақырыпқа сай болуы, мазмұндау логикасының сақталуы, сөйлемдердің дұрыс құрылуы, орынсыз қайталауға жол берілмеуі және т.б.


      40. Сөйлем (22 сағат):


      1) сөйлемге қатысты берілген білімді қайталау;


      2) синтаксис туралы түсінік беру. Синтаксистік талдау жасауға үйрету;


      3) сөйлемнің дара және күрделі мүшелері;


      4) сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөйлемдегі сөз тіркестерін табуға жаттықтыру;


      5) жай сөйлем және құрамалас сөйлем;


      6) құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі;


      7) қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.


      41. Сөз және оның мағынасы (5 сағат):


      1) сөз мағыналары туралы білімді еске түсіру;


      2) мағынасы бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейту;


      3) тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру.


      42. Күрделі сөздер (9 сағат):


      1) күрделі сөз туралы жалпы түсінік;


      2) біріккен сөз. Біріккен сөздің жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері;


      3) қос сөз және олардың жасалуы. Қос сөздердің мәні және емлесі;


      4) қысқарған сөз. Қысқарған сөздердің жасалуы және олардың емлесі.


      43. Сөз таптары (48 сағат):


      1) сөз табы туралы өтілгенді қайталау;


      2) морфология туралы түсінік. Морфологиялық талдау жасау;


      3) зат есім. Зат есімнің септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. Септік жалғауының емлесі;


      4) тәуелденген сөздердің септелуі;


      5) көптік жалғаулы сөздердің септелуі. Зат есімнің жіктелуі;


      6) жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері;


      7) етістік, оның жіктелуі. Жекеше және көпше жіктеу үлгілері;


      8) етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ;


      9) сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлері, олардың емлесі;


      10) қарсы мәндес сын есімдер;


      11) сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емлесі;


      12) есімдік туралы жалпы түсінік. Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі;


      13) үстеу туралы түсінік;


      14) шылау туралы түсінік, олардың мәні;


      15) шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы;


      16) одағай сөздер және олардың емлесі;


      17) еліктеуіш сөздер туралы түсінік. Олардың мәні мен емлесі.


      44. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):


      1) сөйлеу мәдениеті бойынша берілген ұғымды кеңейту: сөйлесіп отырған адамның сөзін бөлмеу, онымен ақжарқын, байыпты қалыпта сөйлесу, өзі туралы көп айта бермеу, дөрекі сөйлемеу және т.б.;


      2) ауызекі және жазба тілде кешірім сұрауға немесе келіспегенін білдіруге қажетті сыпайы сөздерді қолдана білу.


      45. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат).


      46. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).






5. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар





      47. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

      1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді;


      2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;


      3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін;


      4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін;


      5) сөйлемдегі сөздердің байланысын;


      6) сөз мағыналарын;


      7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын;


      48. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:


      1) сөзге дыбыстық талдау жасауды;


      2) сөз құрамына талдауды;


      3) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара салыстыруды;


      4) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;


      5) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді (кіммен? қайда? қашан?не туралы?);


      6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды;


      7) 6-8 сөзден тұратын сөздік диктанты, 25-30 сөзден тұратын диктанттарды, 40-50 сөзден мазмұндаманы, 4-6 сөйлемнен тұратын шығарманы жазуды.






6. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар





      49. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

      1) мәтін түрлері мен ерекшеліктерін;


      2) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың арасындағы байланысты,


      3) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;


      4) қаратпа сөзді;


      5) дыбыс және әріп, олардың емлесін;


      6) сөз және оның мағынасын;


      7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын,туынды сөз жасайтын жұрнақтарды;


      8) түбір мен қосымшаның жазылуын.


      50. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:


      1) жоспар бойынша әңгімелеуді;


      2) үлгі бойынша сызба құрастыруды;


      3) сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды;


      4) сөз құрамына талдауды;


      5) мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды;


      6) мәтінге жоспар құруды;


      7) жалаң және жайылма сөйлем құрастыруды;


      8) сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табуды


      9) түрлі жанрда шығарма құрауды (әңгіме, хат, хабарландыру);


      10) өткен тақырыпты қайталау үшін 55-60 сөзден (диктант) тұратын мәтінді көшіріп және есту арқылы жазуды;


      11) сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар, ұжыммен құрастырған жоспар бойынша (60-70 сөз) мазмұндама жазуды;


      12) сипаттау, сюжеттік сурет бойынша баяндау, өзінің бақылауы арқылы шығарманы жазуды; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды.






1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224

Похожие:

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconГосударственная (итоговая) аттестации выпускников 11(12)-х классов...
Экзамены по другим общеобразовательным предметам литературе, физике, химии, биологии, географии, истории, обществознанию, иностранным...

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconЕгэ по всем общеобразовательным предметам начинается в 10. 00 по...
В продолжительность экзамена по общеобразовательным предметам не включается время, выделенное на подготовительные мероприятия

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconПриказ от 30 сентября 2014 г. №71 г. Нарьян-Мар Об утверждении Административного...
Ненецкого автономного округа программ среднего профессионального образования, дополнительных профессиональных образовательных программ,...

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconО муниципальном этапе всероссийской олимпиады школьников по общеобразовательным предметам
Настоящее Положение определяет порядок организации и проведения муниципального этапа всероссийской олимпиады школьников по общеобразовательным...

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconВ оргкомитет всероссийской олимпиады школьников по общеобразовательным предметам
Порядком подготовки и проведения школьного и муниципального этапов всероссийской олимпиады школьников по общеобразовательным предметам...

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconОсновная образовательная программа основного общего образования
Планируемые результаты освоения учебных программ. Основные требования к уровню подготовки выпускников по учебным предметам

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconСправка по итогам анализа результатов пробного диагностического тестирования...
Э для выпускников 11-х классов в целях подготовки выпускников 11 классов к сдаче государственной итоговой аттестации, отработки навыков...

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconО проведении муниципального этапа всероссийской олимпиады школьников...
Московской области от 16. 09. 2016г. №3599 «О проведении муниципального этапа всероссийской олимпиады школьников по общеобразовательным...

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconПравила и процедура проведения егэ время начала егэ по всем общеобразовательным...
Время начала егэ по всем общеобразовательным предметам 10. 00 часов по местному времени

Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций iconПояснительная записка 3 Требования к уровню подготовки выпускников 4
Программы учебных предметов: обязательный минимум содержания и объём программ среднего общего образования по предметам федерального...

Вы можете разместить ссылку на наш сайт:


Все бланки и формы на filling-form.ru




При копировании материала укажите ссылку © 2019
контакты
filling-form.ru

Поиск